07 ақпан 2021 16:18

Павлодарда әйел адам мен баласын көлік қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодардағы көшелердің бірінде әйел адам мен баласын көлік қағып кетті. Бұл туралы облыстың Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодардағы көшелердің бірінде әйел адам мен баласын көлік қағып кетті. Бұл туралы облыстың Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жәбірленушілер ауруханаға жеткізілді. 

"1984 жылғы әйел адам жабық бас сүйек-ми жарақатымен, бас миының шайқалуымен, оң иық пен тобық буыны соғылып, ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, сегіз жастағы қыз ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада. 

Медицина қызметкерлерінің мәліметінше, жәбірленушінің қызы облыстық балалар ауруханасына жатқызылған. 

Айта кетейік, Екібастұзда екі көлік соқтығысып, салдарынан бір бала зардап шекті. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 жастағы бала Екібастұздағы балалар ауруханасына жеткізілді. Сонымен қатар, 1964 жылғы әйел адам мен 31 жастағы ер адам да зардап шеккен. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети