23 тамыз 2021 10:34

Павлодарда жануарларды қатыгездікпен өлтіргендер іздестіріліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Павлодар қаласында еріктілер иттер мен мысықтарды қатыгездікпен өлтіргендерді іздістіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.


Павлодар қаласында еріктілер иттер мен мысықтарды қатыгездікпен өлтіргендерді іздістіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы павлодарлық еріктілер әлеуметтік желіде жариялады.

"Қала тұрғындарынан "Южный" бақшасы аумағындағы саяжайларда иттер мен мысықтарды сабап мүгедек қылатын, өлтіретін топ туралы ақпарат білсе, бізге хабарлауын сұраймыз. Сондай-ақ, зардап шеккендер болса хабар берсе. Жануарлар аса қатыгездікпен өлтіріліп жатыр", - деді "Добрые руки" қоғамдық қайырымдылық қорының еріктілері.

Жануарлар құқығын қорғаушылар кейбір Павлодар тұрғындары үй жануарларын саяжай маңына лақтырып кететінін айтты.

"Велосипед мінген бір топ жасөспірім көзге түсті. Олар жақын маңда ересек адамдар жоқ екеніне көз жеткізіп, жануарларды таспен және таяқпен сабап өлтіреді", - дейді еріктілер.

Бұған дейін Петропавлда маусымның басында көпқабатты үй ауласында итті сойған тұрғын жұртты дүрлікірген еді. Полицейлер 42 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйелді ұстады. Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 316-бабы "Жануарларға қатыгездік" бойынша соталды тергеу басталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети