10 тамыз 2023 14:10

Павлодарда жетім қызды топтасып зорлауға қатысты үкім шықты

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Павлодарда Жастар үйінің кәмелетке толмаған тәрбиеленушісін зорлау ісі бойынша сот процесі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда Жастар үйінің кәмелетке толмаған тәрбиеленушісін зорлау ісі бойынша сот процесі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2022 жылы 16 жастағы қыз үш жігіттің топтасып қорлауынан кейін 10 қабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен.

Айыпталуыш тарапта үш адам болған, олардың біреуі 19 жаста. Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны ҚР ҚК-ның 120-бабы 3-1-бөлігі "Кәмелетке толмағанды ​​зорлау", 121-бабы 3-1-бөлігі "Кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша кінәлі деп танып, оған 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Сондай-ақ, сот оны жәбірленушіге моральдық шығын ретінде 8 миллион теңге төлеуге міндеттеді.

Осы іс бойынша тағы екі айыпталушыны сот ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша төрт жылға бас бостандығынан айырған.

"Оқиғадан кейін, қыз секіріп кеткен соң, олар жедел жәрдем шақырмаған. Бірақ оқиғаға куә болғаны. Ештеңе болмағандай тарап кетті", - дейді Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер басқармасының судьясы Бақыт Нұрланов.

Сотталғандар жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтейтін болады. Процесс жабық есік жағдайында өтті. Сотталушыларды адвокаттардан бөлек ата-аналары мен жақын туыстары қорғады.

Бастапқыда қызды топтасып зорлағаны хабарланған. Бірақ кейін оны үш жігіттің бірі зорлағаны белгілі болды. Топтық қорлаудан қорыққан ол көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен.

Қыз ағаштарға құлап, аман қалған. Бір жылдан аса Астана мен Павлодардағы ауруханаларда жатып, бірнеше ота жасалған.

Еске салайық, былтыр жазда үш жігіт 16 жастағы қызды өтірік айтып, пәтерге кіргізіп, кейін зорлағаны туралы ақпарат шыққан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети