31 мамыр 2017 | 13:02

Павлодарда қымбат көліктердің суретін жариялаған шенеуніктер жазаланатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Znak.com © Znak.com

Павлодарда мемлекеттік қызметкерлердің интернет желісіндегі аккаунттарына мониторинг жүріп жатыр, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда мемлекеттік қызметкерлердің интернет желісіндегі аккаунттарына мониторинг жүріп жатыр, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Басылымның жазуы бойынша, облыста биыл 13 мемлекеттік органда мониторинг жүргізіліп, 20 адамның мемлекеттік этиканы сақтамауы бойынша 50 дерек анықталған. Шенеуніктер өздерінің демалыс орнынан, спирттік ішімдіктер, қымбат көліктер мен басқа да мүлкінің суреттерін салған. Бұл деректер бойыншашара қолдану үшін облыс әкімі аппараты жетекшісінің атына хат жолданған. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Тыныштық Жүсіпов мәлімдеп отыр.

"Әлеуметтік желілерге көбінесе қызметке жаңа келген жастар суреттерін жүктейді. Әрине, суреттерін жүктеуге рұқсат беріледі. Дегенмен мемлекеттік қызметші халыққа қызмет көрсетеді. Сондықтан барынша қарапайым болуы тиіс әрі мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін қадамға бармауы керек, - дейді Тыныштық Жүсіпов.

Жүсіповтің айтуынша, тұрғындар тарапынан қызметтік әдептің және басқа да шағымдар күнделікті қаралады.  Бүгінде лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында мемлекеттік органдардың жетекшілеріне ұсыныс жолданған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети