06 маусым 2018 17:30

Педиатрия орталығында инновациялық сынып ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы баспасөз қызметінен Сурет Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы баспасөз қызметінен

Педиатрия орталығында инновациялық сынып ашылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Педиатрия орталығында инновациялық сынып ашылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында озық қондырғылармен жабдықталған "Smart School" оқу сыныбының тұсаукесер рәсімі өтті.

Смарт классты орталық директоры Риза Боранбаева ашты.

"Бүгін біз үшін айтулы күн. Бұған дейін біздің кішкентай науқастарымыз барлық пәндер бойынша палаталарында білім алса, енді осы сыныпта білімдерін жалғастырып қана қоймай, бос уақыттарын қызықты да тиімді өткізетін болады. Ертеңнен бастап сурет салу, коструктор құрау, ағылшын тілін үйрену, шашки, шахмат үйірмелері жұмысын бастайды. Бұл өз кезегінде балалардың тезірек жазылып, сауығып кетуіне оң әсерін тигізеді деп сенеміз", - деді Педиатрия орталығының директоры Риза Боранбаева.

Инновациялық оқу бөлмесі онкологиялық дертке шалдыққан балаларға арналған. Орталықта бүгінгі күні 100-ден астам бала ем алуда.

Айта кетейік, өткен жылы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына дәл осындай смарт классашылған еді. 

Осы заманға сай білім беру құралдарымен жабдықталған оқу сыныбында балалар математика, тарих, ағылшын тілі және т.б. жалпы пәндермен бірге шығармашылық жұмыстармен де айналыса алады. Сондай-ақ, бұл сыныпта музыка мен ертегілердің көмегімен терапия сеанстары өткізіледі. Орталыққа келіп дәріс беретін мұғалімдер, сабақтарды тиімді және қызықты етіп онлайн режімде де жүргізе алады. Онлайн түрінде өтетін сабақтарға енді төсекке таңылған балалар да қатыса алатын болады. Дәрістер жаңа интерактивті оқу әдісімен жүргізіледі. Сынып үлкен интерактивті тақтамен, экологиялық таза жиһаздармен қамтамасыз етілген. Қатысушыларға арналған 20 планшет те қойылған. Сынып іші заман талабына сай әрленіп, безендірілген. Орталықта емделуші балалар сабақтарды жаңа оқу жылынан жаңа форматта оқитын болады. Бүгін гемотология бөлімінде ем алып жатқан балалар смарт сыныпқа алғашқылардың бірі болып отырды.

Келесі аптадан бастап сурет салу, коструктор құрау, ағылшын тілін үйрену, шашки, шахмат үйірмелері өз жұмысын бастайды. Үйірмелерді "Help Today" қоғамдық ұйымының 10-ға жуық ерікті өкілдері тегін жүргізетін болады. Сыныптың ашылу салтанатында "Help Today" қоғамдық ұйымының жетекшісі Эльмира Әлиева дәріс беретін ұстаздармен таныстырып, сыныптың ашылуымен құттықтады.

"Жақсылық жасасаң балаға жаса», деген дана халқымыз. Ортақ қуанышымыз құтты болсын! Біз қашанда еліміздің болашағы балалар үшін жақсылық жасауға әзірміз. Балалардың емін үзбей, білімдерін арттырып, шығамашылық жағынан да дамуға мүмкіндік беретін бұл жобаға атсалысқанымызға қуаныштымыз. Бұл ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дәріс жүргізу ісін жеделдетіп, сабақтарды қызықты ете түсетініне сенімдіміз", - деді Әлиева.

Шара барысында мойын қатерлі ісігі диагнозымен жатқан 10 жастағы Әлиманың анасы Гаухар Игенбаева ата-аналар атынан сөз сөйлеп, балалар үшін жасалып жатқан қайырымды іс үшін алғысын білдірді.

Озық қондырғылармен жабдықталған "Ақылды сыныпты" Халықаралық Балалар күніне орай тарту етті. Игілікті іс "Help Today" қоғамдық ұйымының жетекшілігімен іске асты.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети