21 маусым 2023 17:08

Петропавл - Қорған тасжолы қашан жөнделеді? СҚО әкімі жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

pkzsk.info pkzsk.info

Республикалық маңызы бар Петропавл - Қорған тас жолын қалпына келтіру жұмыстары қайта жанданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте СҚО-ның әкімі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Республикалық маңызы бар Петропавл - Қорған тас жолын қалпына келтіру жұмыстары қайта жанданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте СҚО-ның әкімі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл үшін 3,5 миллиард теңге бөлінген.

"Бұл жоба 2017 жылдан бері жалғасып келеді. Ұзақ мерзімге созылды, мойындау керек. Жауапсыз мердігерлер болды, сот ісі ұзаққа созылды. Осы жылы сот шешімі шықты. Қазір байқау өтіп, жаңа мердігер анықталды. Жұмыс қазірдің өзінде басталды. Алдымен 1,5 миллиард теңге бөлінді, қосымша "Қазавтожол" 2 миллиард теңге бөлді. Қазір 3,5 миллиард теңгеге қаржыландыру жоспарда бар. Олар жұмысты бастады. Жыл соңына дейін шекараға жақын аймаққа жолдың бірінші қабатын жасауға уәде берілді. Сосын сол жол бойынша жүруге болады", - деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әкімнің айтуынша, жалпы облыстағы жолдардың сапасы сын көтермейді.

"Соңғы бірнеше жылда жолдардың сапасы айтарлықтай нашарлады. Әсіресе осы қыстан кейін. Оның ішінде Петропавл қаласында. Біздің өңірдегі автокөлік жолдарының желісі 9 мың шақырым болатынын және елімізде ұзындығы бойынша екінші орынды иеленетінін ескеру қажет. Жолдардың жай-күйі мәселесін шешу мүмкін емес, алайда біз жағдайды түзету үшін барлық қажет шараларды қабылдап жатырмыз", - деді Айдарбек Сапаров.

Аймақ басшысының айтуынша, биыл жолдарды орташа және былтырғы жөндеуге өткен жылмен салыстырғанда 12 есе көп қаржы бөлінген. 705 шақырым жол жөнделеді, оның 110 шақырымы республикалық маңызы бар жол. Солтүстік Қазақстан облысының жолдарын жөндеуге 40 миллиард теңге бөлінді.

Осыған дейін Жамбыл облысында 70 миллион теңгеге салынған жолдың ескіріп жатқаны анықталды. Шығыс Қазақстан облысында ұзындығы 32 шақырым болатын айналма жолдың құрылысы жеті жыл бойы аяқталмай тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети