01 қыркүйек 2022 08:13

Петропавлда құдық тазалап жатқан үш жұмысшы уланып, біреуі қаза болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құрылыс нысаны жанындағы су құбыры құдықтарын тазарту кезінде 28, 20 және 18 жастағы үш жұмысшы буланудан зардап шекті. Олардың бірі, 20 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ал қалған екеуі шұғыл түрде қаладағы медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған дерек ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі, яғни "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Сараптама тағайындалды.

"Істің мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері қолға алынды, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады. Сондай-ақ жұмыстарды орындау кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша мердігерлік ұйымдардың кінәсі анықталатын болады", - делінген Петропавл қаласының полиция басқармасы таратқан хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети