05 қараша 2019 17:59

Полиция Нұр-Сұлтан тұрғындарын ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорданың Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерін көктайғаққа байланысты сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Елорданың Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерін көктайғаққа байланысты сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ауа райы жағдайының нашарларуы мен температураның төмендеуіне байланысты жолда сақ болуларыңызды сұраймыз. Жаман ауа райы көлікті жүргізу мәнеріне тікелей әсер ететіні және сақ болуды талап ететіні бәріне белгілі. Қар жаууы көлік жүргізуді қиындатады, демек апатқа ұшырау мүмкіндігі жоғарылайды.

Сондай-ақ көру мүмкіндігінінің шектелуін, метеорологиялық жағдай мен ашық автожолдарда бүйірден соққан желдің екпінін ұмытпау керек. Бұл фактордың бәрін жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де ескеруі қажет", - деді полициядағылар. 

Полиция департаментінің мәліметі бойынша, 3-4 қарашада елордада 90-нан аса жол-көлік оқиғасы тіркелген. 

"Құрметті жүргізушілер, жол қозғалыс ережесін сақтаңыздар, нашар ауа райында өте сақ және абай болыңыздар. Жылдамдық, қашықтық режимін, жол ережелерін сақтауды, жылдам маневр жасамауды, қысқы уақытта тозған және жазғы резеңкелермен жүруге болмайтынын ескеру керек", - деді полициядағылар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети