07 ақпан 2024 11:28

Президент Қазақстандағы барлық ақпараттық жүйелерді тексеруді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат ведомстволарының барлық IT жүйелеріне аудит жүргізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат ведомстволарының барлық IT жүйелеріне аудит жүргізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бір мәселеге тоқталды. Президенттің айтуынша, салық жүйесін толық цифрландыру қажет.

"Бұл сала цифрлық тәсілдерді, әсіресе жасанды интеллектіні қолдану жағынан ең алдыңғы шепте болуға тиіс. Қысқасы, атқаратын жұмыс – ауқымды", - деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, мемлекеттік кірістер комитетінде 2000-2014 жылдары іске қосылған 14 ақпараттық жүйе бар. Олардың көбі кеңінен қолданылмайды.

"2021 жылы бұл жүйелердің бәрі халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен 12 жыл бойы жасалған жаңа жүйелермен алмастырылуы керек еді. Бірақ қаражат игерілгеніне қарамастан, еш нәтиже жоқ. Ведомствоның барлық ақпараттық жүйесіне тәуелсіз IТ-аудит жүргізуді тапсырамын. Жаңа Салық кодексін әзірлеумен қатар Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа ақпараттық архитектурасын қалыптастыру қажет.

Жалпы, салық және бюджет саласына түбегейлі реформа қажет. Соның арқасында мемлекет пен бизнестің арасында жаңа қоғамдық шарт жасалмақ. Осылайша, ұлттық табысты әділ бөлудің парасатты жолы қалыптасады. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған негізгі басымдық".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети