17 шілде 2015 09:38

Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© personal.akorda.kz © personal.akorda.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ораза Айт мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ораза Айт мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Барша қазақстандықтарды қасиетті Ораза айт мерекесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам мұсылман қауымы үшін маңызды Рамазан айының аяқталуын білдіреді. Татулыққа, тыныштыққа, қайырымдылық пен жанашырлыққа үндейтін ислам дінінің рухани қасиеті осы Рамазан айында кеңінен көрініс табады. Осынау мейрамның құрметі үшін барша әлем мұсылмандары нәсіліне, ұлтына қарамастан жақындарына қамқорлық танытып, мүмкіндігінше мұқтаж жандарға материалдық және рухани қолдау көрсетеді", - делінген Президент құттықтауында.

Назарбаев Қазақстанда түрлі этностар мен діндер өкілдерінің достық пен келісімнің, жасампаздық пен бірліктің үлгісін көрсетіп келетінін атап өтті. Президент бұл құндылықтарды дамыта отырып, қоғамдағы ұлттық мәдени және рухани алуандылықты сақтауға, азаматтар арасындағы өзара құрмет пен сенімнің нығаюына одан әрі ықпал етудің қажеттілігін айтты.

"Осынау қасиетті күнде мен баршаңызға рухани келісім, табыс, зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Қасиетті Ораза айт мерекесі қоғамымыздағы өзара түсіністік пен достықты одан әрі нығайта берсін!", - деп қорытындылады Назарбаев.

Қазақстан мұсылмандары үш күндік Ораза айт мерекесін тойлап жатыр, оның басы биыл жұмаға, 17 шілдеге келіп отыр. Бұған дейін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қазақстандықтарды Ораза айтпен құттықтаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети