Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясында сөйлеген сөзінде бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерге тоқталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Жаһандық көшбасшылар, әлемнің әр қиырындағы жекелеген мемлекеттердің жетекшілері, ең алдымен, халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауы қажет деп санаймын. Қазіргі сәтте стратегиялық ұстамдылық өте маңызды. Менің ойымша, бүгінгі күрделі әрі қарама-қайшылыққа толы әлемдегі шиеленістердің түйінін тарқату аса қиын емес. Жай ғана жауапкершілік танытып, сабырлы болу қажет", - деді Қазақстан Президенті.
Айта кетейік, бүгін, 17 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының "Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties" панелдік сессиясына қатысты. Іс-шараны Түркия Парламентінің депутаты, бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы жүргізді.
Іс-шара барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы жаһандық қауымдастық алдында тұрған негізгі үрдістер және жақын болашаққа арналған халықаралық күн тәртібін қалыптастыру туралы өз көзқарасын бөлісті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!