14 қазан 2022 16:32

Президент тұрақсыздыққа себеп болатын факторды атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Борт N1 Борт N1

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрақсыздыққа себеп болатын факторды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрақсыздыққа себеп болатын факторды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, бүгін "Орталық Азия - Ресей" саммиті өтіп жатыр. 

"Тұрақсыздыққа алып келетін бір фактор - өңірдегі жекелеген елдер арасындағы шекара мәселесінің реттелмеуі. Шекара проблемасы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, өзара сенім және тату көршілік негізінде, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының іргелі қағидаттарын мүлтіксіз сақтау арқылы тек бейбіт жолмен шешілуге тиіс.

Шекараларды делимитациялаудың өзара тиімді тәсілдерін әзірлеу және осы маңызды миссияға тәжірибелі сарапшыларды тарту үшін өңірлік сараптама алаңын құру пайдалы болады деп ойлаймын", - деді Тоқаев самитте.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети