05 наурыз 2015 | 19:08

Президенттікке бірінші болып ниет білдірген адам емтиханнан өте алмады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Ренат Ташқынбаев ©Ренат Ташқынбаев

Президенттікке өзін-өзі ұсынушы Асқар Сырғабаев мемлекеттік тіл емтиханынан өте алмай қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Президенттікке өзін-өзі ұсынушы Асқар Сырғабаев мемлекеттік тіл емтиханынан өте алмай қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Оның ойларының қисыны болмады. Өкінішті, бірақ біз ол мемлекеттік тілді білмейді деген шешім қабылдадық", - деп мәлімдеді лингвистика комиссиясының төрағасы Мырзатай Жолдасбеков. Асқар Сырғабаевқа дайындалуға қосымша уақыт берілген, бірақ, комиссия төрағасының айтуынша, нәтиже көңіл көншітпеді.

"Ол мүмкіндігінше дайындалды, бірақ нәтижесі өте нашар, қымбатты достар. Президент деген - мемлекет басшысы, президент - барлық азаматтың үміті. Сондықтан ол халықтың арманына сәйкес келуі керек, соған тырысуы керек. Бірінші тапсырма - жазбаша жұмыста ниет білдіруші мәтіннің көлемі небәрі екі бет болса да, 92 қате жіберді. Цифрдың өзі-ақ айтып тұр", - деді Жолдасбеков.

Сырғабаев екінші тапсырма - сауатты оқуды да орындай алмады. "Ол сауатты оқи алмайды, пауза көп болды, мәнерлеуі нашар, кейбір сөздері тіпті түсініксіз. Оның өзі кезінде мектепті орыс тілінде бітіргенін айтты, тілді үйренуге асқан құлшынысы да болмаған сияқты", - деді лингвистика комиссиясының төрағасы. 

Соңғы тапсырма ойды жеңіл әрі еркін түрде жеткізу болды. "Ол өзінің көпшілік алдында мемлекеттік тілде сөйлей алатынын көрсете білуі керек еді, өкінішке қарай, оны көрсете алмады. Кейбір ойларының қисыны болмады, ол мемлекеттілік мәселесін шатастырды, тіпті оны түсінбейді де", - деді комиссия төрағасы.

Еске салайық, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Президенті болуға ниет білдірген алғашқы топтың аты-жөнін жария еткен еді. Сырғабаевтан бөлек ОСК-ға тағы төрт адам - Сафиолла Алдажанов, Лимана Қойшиева, Бақыт Әбдікәрімов пен Сухраб Мырзашов өз кандидатураларын ұсынды. Бүгін олардың қатарына тағы төрт адам қосылды.

Президенттікке кандидат болуға ниеттілер өзі мен жұбайы үшін салық декларациясын тапсыруы тиіс. Кейін олар мемлекеттік тілді еркін меңгеруі тексерілетін лингвистикалық комиссиядан өтеді. Бұдан соң қол жинау парағын алады. Мұндай парақтарға еліміздің кемінде тоғыз облысында және Астана, Алматы қалаларында қол қойылған болуы қажет. Қол қойғандардың саны сайлаушылардың 1 пайызы деңгейінде, яғни 93 012 адам болуы міндетті. Жиналған қолдардың растығы тексерілгеннен кейін ОСК кандидатты тіркеуді қолға алады.

Еске салайық, 26 ақпан күні Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына үміткерлерді ұсыну басталған болатын. ҚР Президенті сайлауы 2015 жылғы 26 сәуірге белгіленіп отыр.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.2  course up  543.85  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer