12 қазан 2018 15:26

Прокуратура "Союз" зымыранының апатқа ұшырауына байланысты тексеріс бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Прокуратура өкілдері "Союз МС-10" зымыранының апатқа ұшырауына байланысты тексеріс бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Байқоңыр" кешенінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Прокуратура өкілдері "Союз МС-10" зымыранының апатқа ұшырауына байланысты тексеріс бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Байқоңыр" кешенінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Союз МС-10" зымыранын "Байқоңыр" ғарыш аймағынан ұшыру кезінде болған апатқа байланысты "Байқоңыр" кешенінің прокуратурасындағылар тексеріс жұмыстарын бастады", - делінген хабарламада.

Айтуларынша, тексеріс барысында лауазымды тұлғалардың, зымыран-тасығышқа жауапты адамдар мен оны ұшыруды ұйымдастырғандардың әрекетіне баға беріледі. Тексеріс нәтижесі бойынша қажетті шаралар қолданылады.

Еске сала кетейік, кеше, 11 қазанда Байқоңырда "Союз МС-10" зымыран-тасығышының апатқа ұшырағаны жайлы хабарланған болатын.  Бұл туралы диктор "Роскосмос" сайтында телетрансляция кезінде айтқан еді. "Союз МС-10" бортында ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг болған. 

Кейінірек ҚР билік өкілдері Қазақстан экологиясына қауіп жоқ екенін мәлімдеген еді. "Бірінші кезекте апат "Байқоңырда" болған жоқ. Бұл ұшыру кезіндегі штаттан тыс жағдай. Ғарыш айлағы өз орнында қаз-қалпында тұр. Онда барлығы тұрақты өтті, барлығы дұрыс. Бұл экологияға еш қауіп төндірмейді. Табиғатқа зияны жоқ. Бұл техника болған соң, құрылғылар істен шыққанын көрсетті", - деп хабарлаған болатын Аэроғарыш комитетінің баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети