Қарағұсова үш жылға арналған республикалық бюджеттің қашан қабылданатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағұсова үш жылға арналған республикалық бюджеттің қашан қабылданатынын айтты © Тұрар Қазанғапов

ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет бойынша комитетінің басшысы Гүлжан Қарағұсова алдағы үш жыл бюджетінің уақытында, 1 желтоқсанға дейін қабылданатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Парламент кулуарында "2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын қабылдауға қатысты сұрақтарға жауап берген Қарағұсова: "Бюджет кодексі бойынша уақыты 1 желтоқсанға дейін. Біз бұл мерзімді сақтаймыз деп нақты айта аламын. (...) Бұл аптада қарап жатқанымызды көріп отырсыздар. Оған объективті себеп бар: Мемлекет басшысы әзірше сапарда. Бюджетті телефон арқылы келісу дұрыс емес деп есептеймін", - деп жауап берді.

Кейбір параметрлері өзгере ме деген сұраққа ол: "Кейбірі, әрине", - деп жауап берді, алайда нақтырақ айтпады.

"Мен ештеңе айта алмаймын, себебі қағаздар маған келген жоқ. Республикалық бюджет комиссиясында бюджеттің жаңа параметрлері әлі болған жоқ", - деді Қарағұсова.

Айта кетейік, бұған дейін алдағы үш жылға арналған республикалық бюджеттің теңгенің тұрақсыз бағамына байланысты бекітілмей отырғаны туралы айтылды.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +29
Ақтау +24
Ақтөбе +24
Атырау +28
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +20
П
Павлодар +19
Петропавл +23
С
Семей +21
Т
Талдықорған +24
Тараз +31
Түркістан +22
О
Орал +21
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер