Қазкоммерцбанк өз акцияларының бір бөлігін "Самұрық-Қазынадан" сатып алуды жоспарлауда

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазкоммерцбанк өз акцияларының бір бөлігін "Самұрық-Қазынадан" сатып алуды жоспарлауда Фото vesti.kz сайтынан алынды

"Қазкоммерцбанк" АҚ өз акцияларының бір бөлігін "Самұрық-Қазынадан" сатып алуды жоспарлауда, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы институтының ресми сайтына сілтеме жасап. 


"Қазкоммерцбанк" АҚ өз акцияларының бір бөлігін "Самұрық-Қазынадан" сатып алуды жоспарлауда, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы институтының ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Казкоммерцбанк" Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) өз акционерлеріне 2009 жылғы 15 қаңтарда "Самұрық-Қазына" АҚ, "Орталық Азия инвестициялық компаниясы" АҚ, Н.С. Субханбердин мырза, "AlnairCapitalHolding" АҚ және Банк арасында жасалған "Казкоммерцбанк" АҚ қатысты Опциондық келісімге (бұдан әрі – "Опциондық келісім") сәйкес, Банктің "Самұрық-Қазына" АҚ-на тиесілі жай акцияларының бір бөлігін сатып алуға байланысты құқығын іске асыруға және Опциондық келісімнің талаптары мен Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, "Самұрық-Қазына" АҚ-тан Банктің жай акцияларының бір бөлігін сатып алуға ниет білдіретінін жариялайды.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңның 26 бабының 1 тармағына сәйкес, Банк жай акцияларды ұстаушы өзге акционерлерге Банкпен шығарылған (эмиттелген) жай акцияларды Банк бастамасы бойынша төменде көрсетілген талаптармен сатып алуды ұсынады. Банктің сатуға жарияланған жай акцияларының (бұдан әрі – «Акциялар») жалпы саны бір жай акция үшін 475,3667 теңге бағасы бойынша 79 198 025 жай акциядан аспайтын көлемді құрайды (1 ҒДҚ = 2 жай Акция, 1 ҒДҚ бағасы 950,7334 теңгеге тең).

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   560.54   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +21
Ақтау +23
Ақтөбе +17
Атырау +22
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +18
П
Павлодар +18
Петропавл +18
С
Семей +19
Т
Талдықорған +19
Тараз +22
Түркістан +18
О
Орал +17
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер