22 қыркүйек 2022 16:34

Ресейліктерге Қазақстанда қанша уақыт тұруға рұқсат етіледі?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©РИА Новости Фото: ©РИА Новости

Қазақстан-Ресей шекарасында Қазақстанға Ресей азаматтары ағыны айтарлықтай өскені байқалады. Шетелдік азаматтардың Қазақстанда жүруіне қатысты белгіленген шектеулер бар. Шетелдіктер елімізде қанша уақыт бола алады - Tengrinews.kz материалында.


Қазақстан-Ресей шекарасында Қазақстанға Ресей азаматтары ағыны айтарлықтай өскені байқалады. Шетелдік азаматтардың Қазақстанда жүруіне қатысты белгіленген шектеулер бар. Шетелдіктер елімізде қанша уақыт бола алады - Tengrinews.kz материалында.

Шетелдіктердің Қазақстанға келу ережесін "Халықтың көші-қоны туралы" заңы және Үкіметтің "Көшіп келушілердің Қазақстанға келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстаннан кетуінің қағидаларын және көші-қон бақылауын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" қаулысы реттейді.

Осы ережелерге сәйкес, елде 30 күнге дейін болатын шетелдіктерге уақытша тіркеу міндетті емес.

Ресейдің Қазақстандағы елшілігі мәліметінше, Ресей азаматы Қазақстанда 30 күннен артық қалғысы келсе, міндетті түрде көші-қон қызметіне тіркелуі керек.

Осыдан кейін елде болу мерзімі 90 күнтізбелік күнге дейін ұлғайтылуы мүмкін (30+60). Бұл мерзім өткеннен кейін азамат Қазақстаннан кетуге міндетті. Қазақстанға қайта келу елден кеткен күннен бастап 90 күнтізбелік күннен кейін ғана мүмкін болады.

Егер ресейліктер Қазақстанға жұмыс істеу үшін келсе, онда мұндай азаматтардың және олардың отбасы мүшелерінің уақытша елде болу мерзімі Ресей азаматының Қазақстандағы жұмыс берушімен немесе жұмысқа тапсырыс берушімен жасасқан еңбек немесе азаматтық-құқықтық шартының ұзақтығымен шектеледі.

Мұндай азаматтар Қазақстанда бір айдан аса болуды жоспарласа, көші-қон полициясына тіркеліп, еңбек шартын ұсынуы қажет.

Қазақстан аумағына кірген күннен бастап 90 тәулік өткеннен кейін шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, Ресейдің жұмысшы-азаматы Қазақстан аумағынан шықпай 15 күн ішінде жаңа Еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасасуға құқылы.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 97-бабына сәйкес, Ресей азаматтарынан Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат алуы талап етілмейді. Ресей жұмысшы-азаматының Қазақстан аумағындағы еңбек қызметі ЕАЭО туралы шарттың ережелерін ескере отырып, Қазақстан заңнамасымен реттеледі.

Сондай-ақ, Қазақстанда шетелдікті елге кіргізуге болмайтын пункттер тізімі бар. Олардың ішінде:

  • ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіп пен халықтың денсаулығын қорғау мүддесінде;
  • егер оның әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған болса;
  • Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы шықса, оның территориясының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;
  • ұлтаралық, конфессияаралық және діни араздықты қоздырса;
  • Қазақстан азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қажет болған жағдайда.

Қазақстанға кіруге тыйым салу негіздерінің толық тізімімен мына жерден танысуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети