Риддерде 11 жастағы қыз биік ағашқа шығып, түсе алмай қалған

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Риддерде 11 жастағы қыз биік ағашқа шығып, түсе алмай қалған

Риддерде биік ағашқа шығып, түсе алмай қалған 11 жастағы қыз құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.


Риддер қаласының құтқарушыларына 2012 жылы туған қыздың анасы қоңырау шалып, көшеде ойнап жүрген қызы биік ағашқа шығып түсе алмай қалғанын айтып көмек сұраған.

Қыз бала қатты қорқып, жылап отырған.

Құтқарушылар оқиға орнына келіп, үш иінді баспалдақты орнатып, шамамен 8 метр биіктікке көтеріліп, баланы аман-есен жерге түсірді.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды ескертті.

"Балалармен қауіпсіз іс әрекет ережелері бойынша түсіндірме әңгімелер өткізіңіз. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз", - делінген ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 471.04   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +30
Ақтау +31
Ақтөбе +34
Атырау +29
Б
Балқаш +33
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +30
Қ
Қостанай +37
Қызылорда +31
П
Павлодар +31
Петропавл +31
С
Семей +34
Т
Талдықорған +34
Тараз +38
Түркістан +28
О
Орал +31
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер