21 сәуір 2017 11:33

Сағадиев қызды педофилден аман алып қалған оқушыға хат жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Алматы облысындағы оқушыға алғыс хатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Алматы облысындағы оқушыға алғыс хатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сағадиев 8 жастағы қызды педофилден аман алып қалған 11 сынып оқушысына алғыс білдірді. Бүгін ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Еңбекшіқазақ ауданындағы Қонаев атындағы мектептің оқушысы Тимурбек Жамаладдиновке министр атынан алғыс хатын табыс етеді. 

Сондай-ақ, министрлік өкілдері оқушының батылдығын атап өтті.

"Құрметті Тимурбек Тахиругли! Саған адам өмірін сақтап қалған батыл әрекетің үшін алғыс білдіремін. Сенің көрсеткен ерлігің өскелең ұрпаққа үлгі боларына сенімдімін. Алдағы үлкен өміріңе сәттілік пен үміттеріңнің ақталуын тілеймін. Алда еліміздің жарқын болашағына үлес қосатындардың қатарынан болатыныңа сенемін", - делінген хатта. 

Еске салайық, 14 сәуірде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 11 сынып оқушысы Тимурбек Жамаладинов 8 жастағы қызды педофилден аман алып қалған болатын. 

Ал 32 жастағы күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Дәрігерлер қыздың бас миының шайқалғанын, бас сүйек миының жабық жарақаты мен көз қарашығының жарақатын тіркеген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети