03 шілде 2020 16:10

Сағынтаев Алматыдағы пневмония індеті туралы мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев соңғы айда қалада ЖРВИ мен пневмония ауруларының саны 5 есе өскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев соңғы айда қалада ЖРВИ мен пневмония ауруларының саны 5 есе өскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде коронавирустың таралуына байланысты қалалық денсаулық сақтау жүйесінің барлық мүмкін ресурстары жұмылдырылды. Жұқпалы және провизорлық стационарлардан бөлек негізгі салмақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметіне жүктелді", - деп жазды қала әкімі Instagram-тағы парақшасында.

Бақытжан Сағынтаев бүгінгі қалыптасқан жағдайда "виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы" ашылғанын айтты.

"Емханаларда COVID-19 диагнозы расталған және симптомдары бар пациенттерді мониторингілеу бойынша мобильді бригадалар құрылды. Асфендияров медуниверситетімен бірлесіп, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында пациенттерге мониторинг жүргізетін орталық аштық. Бұл бізге амбулаторлық деңгейде, әсіресе қарттар арасындағы асқынуларды азайтуға мүмкіндік береді.

Тек соңғы айда қалада ЖРВИ мен пневмония ауруларының саны 5 есе өсті. Мұны індеттің көрінісі ретінде қарастырып отырмыз. Бұл ретте жедел жәрдем қызметіне жүгінушілердің саны күрт көтерілген. Маусым айында тәулігіне 4 мыңға дейін қоңырау түскен", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети