Сағынтаев менингиттің вакцинациясын арзандатуды тапсырды

05 Маусым 2018, 11:45
0
© primeminister.kz
© primeminister.kz

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев менингиттен вакцинациялаудың қымбаттылығына наразы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Екпе мәселесі жайында айтатын болсақ, ол керек пе, әлде керек емес пе? Кеше маған ірі кәсіпорынның басшысы келіп, оған барлық жұмысшыны вакцинациялау қажет пе, жоқ па - соны сұрады. Айтуынша, жұмысшылар алаңдап жатыр. Оларға бұл жайлы ешкім ештеңе айтпаған да. Вакцина қымбат түрады: бір облыста 40 мың болса, тағы басқа бір облыста 20 мың теңге тұрады. Бұл жағдайда министрліктегілер мен әкімдер барлығын бақылауға алып, вакцина бағасын төмендетуі керек. Байбалам салудың қажеті жоқ", - деді Сағынтаев.

Бірақ денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мұны тиімсіз әрі шығыны көп шара болады деген еді. Министрдің айтуынша, ауру жұқтырғандардың саны орташа-бақылаудағы деңгейде.

Осыған дейін премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы менингококк инфекциясына қатысты есеп беруді талап етті. "Жұқтырғандар көбейіп жатыр. Өкінішке қарай, қайтыс болып жатқандар бар. Осының барлығына түсінік беріп отыруды сұраймын. Қолданылып жатқан шаралар жайлы айтып берулеріңізді сұраймын", - деген еді Сағынтаев денсаулық министрі Елжан Біртановқа.

Еске сала кетейік, Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев та елдегі менигитке қатысты жағдайға пікір білдірген болатын. "Менингит инфекциясының таралуы көнуге болмайтын жағдай. Осы профильдегі министрлік кешірілмейтін жайбасарлық пен батылсыздық танытып отыр", - деп жазған еді Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Мұның алдында денсаулық сақтау министрі менингококк инфекциясына байланысты карантин жарияланбайтынын айтқан еді. "Менингококк инфекциясын жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың санын жасырмаймыз. Қазір карантин жариялаудың қажеті жоқ. (...) Қазақстандықтардан дәрігерлер айтқан кеңестерді тыңдауларын сұраймыз", - деген еді Біртанов.

Сондай-ақ, осыған дейін министр Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері менингококк инфекциясынан 12 адамның қайтыс болғанын мәлімдеген еді.


Менингит несімен қауіпті және одан қалай қорғану керек?

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай