12 қыркүйек 2023 11:57

Салық декларациясын тапсырмаған мемлекеттік қызметкерлерге қандай шара қолданылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Freepik.com Сурет: Freepik.com

Алматыда 30 мыңнан астам мемлекеттік қызметші мен олардың отбасы мүшелері салық декларацияларын тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда 30 мыңнан астам мемлекеттік қызметші мен олардың отбасы мүшелері салық декларацияларын тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Салықтарды жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары өткізуге тиіс.

Алматы бойынша 152 484 жеке тұлға жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі шеңберінде декларация тапсыруға міндетті. Декларацияны тапсыру мерзімі бірнеше күннен кейін - 15 қыркүйекте аяқталса да, 30 мыңнан астам адам міндеттемесін орындамаған. Декларация өткізбеген адамдардың жалпы санының 61 пайызы немесе 18 440 адам білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласының қызметкерлеріне, қалғаны квазимемлекеттік сектор қызметкерлері.

Декларацияны мерзімінде өткізбегені үшін ҚР ӘҚБтК әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Декларацияны "салық төлеушінің кабинеті" арқылы электронды түрде (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкімет" порталы (egov.kz), сондай-ақ eSalyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы өткізуге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети