29 ақпан 2020 20:25

Сапарбаев Жамбыл облысында қанша ұлт өкілі тұрып жатқанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев "Алғыс айту күнін" атап өту аясында Таразда "Ынтымағы жарасқан, туған өлкем - Қазақстан" мерекелік шарасында өңірде қанша этнос өкілі өмір сүретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев "Алғыс айту күнін" атап өту аясында Таразда "Ынтымағы жарасқан, туған өлкем - Қазақстан" мерекелік шарасында өңірде қанша этнос өкілі өмір сүретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірдегі орыс, дүнген, әзірбайжан, түрік, күрді сынды өзге де этнос өкілдері қазақ халқына алғыстарын білдіріп, құрмет көрсетті. 5000-нан астам халық тамашалаған ризашылық пен мейірімділіктің мерекесіне келген қонақтарды аймақтағы этнос өкілдері  ән салып, би билеп 12 түрлі ұлттық тағамнан әзірленген "Алғыс" дастарханымен қарсы алды. 

Салтанатты шараның ашылуында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жиналған қауымды "Алғыс айту" күнімен құттықтады.

"Алғыс айту күні - тарихтың түрлі кезеңдерінде қазақ халқының бауырмалдығына бөленген түрлі этнос өкілдерінің киелі қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына деген терең тағзымының ашық белгісі. Бүгінде біздің қасиетті Жамбыл жерінде 87 этнос, 21 этномәдени бірлестік өкілдері Ассамблея құрамында бірлік пен татулықта өмір сүріп жатыр. Облысымызда күрді, түрік, дүнген және өзге де ұлттар тығыз шоғырланған 5 аудан бар. Көпұлттылық - біздің басымдығымыз, бірлік - сарқылмас байлығымыз" - деп ізгі тілектерін білдірді.

Сонымен қатар, мерекеге қонақ болып келген Қазақстанның халық әртісі, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Тұңғышбай Жаманқұлов: Еліміздің басты байлығы - бірлік ен ынтымақ. Оны әрбір азамат қадірлеп, құрмет тұтуы тиіс" деп, ниетін білдірді.

Ал "Полонез" поляк этномәдени бірлестігінің өкілі Лариса Калькова мен "Барбанг" күрділер ассоциациясының ардагері Сабри Асанов бұл мерекенің бірлік пен тұрақтылықты сақтаудағы маңызына тоқталып, барша ұлт пен ұлыстардың атынан Қазақ халқына алғыстарын білдірді.

Мерекелік шарада этностардың алғысына арқау болған театрландырылған  қойылым көрсетіліп, "Рахмет саған туған жер" атты концерттік бағдарлама, спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Қордай ауданында да "Бірлігі жарасқан, туған жерім - Қордайым" атты фестивалі ұйымдастырылып, аудан қонақтарына "Алғыс дастарханы" жайылып, киіз үйлер де тігілді. Түрлі этностардың әсем әні шырқалып, тұрғындар ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, облыста жаңа сипатта әрі жаңа мазмұнда бастау алған мерекелік шаралар Наурыз мейрамындағы айтулы күндерге жалғасады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети