21 қазан 2016 12:38

Сапарбаев моральдық өтемақыны балалар үйіне аударады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев моральдық өтемақыны балалар үйіне аударады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев моральдық өтемақыны балалар үйіне аударады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбе облысының әкімі жалған жала жапты деп әлеуметтік желі қолданушысы Айдын Егеубаевқа қатысты сотқа арыз берген болатын. 20 қазанда Алматы аудандық сот Бердібек Сапарбаевтың өтінішін қанағаттандырды.

Сот 2016 жылдың 10 шілдесінде Егеубаевтың Youtube.com сайтында "2016 жылы қытай азаматтарының Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар ауданында аумағы 87 437 гектар жерді алғаны" туралы мәліметпен танысты. Сондай-ақ, ол жарияланымда жерлер Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасын берілді делінген. Ол кезде Сапарбаев ШҚО әкімі болған. Осылайша сот Бердібек Сапарбаевтың пайдасына Айдын Егеаубаевтан моральдық шығынды өндіріп алу туралы шешім қабылдады.

"Соттын шешімімен Бердібек Сапарбаев моральдық өтемақы ретінде 100 мың теңге алып, ол қаражат балалар үйіне аударылады", - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети