Сара Назарбаеваның ауырып жатқаны белгілі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сара Назарбаева. Фото: facebook.com/bobek.samopoznanie Сара Назарбаева. Фото: facebook.com/bobek.samopoznanie

Сара Назарбаева ауыр жағдайда жатыр. Бұл ақпаратты Tengrinews.kz дереккөзі растады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сара Назарбаева ауыр жағдайда жатыр. Бұл ақпаратты Tengrinews.kz дереккөзі растады.

Сондай-ақ, Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі Рафаэль Гасанов Сара Назарбаеваның сырқаты туралы хабардың рас екенін айтты.

Tengrinews.kz редакциясы әлеуметтік желілердегі деректерге сәйкес, Сара Назарбаева ем қабылдап жатқан аурухананың баспасөз қызметіне де пікір алу үшін жүгінді, алайда әзірге жауап алған жоқ.

Сара Назарбаеваның өмірбаяны

Сара Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Инженер-экономист мамандығы бойынша білім алған. Өз тегі - Қонақаева.

1962 жылы Сара Назарбаева Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шықты. Араға бір жыл салып Дариға есімді қызды дүниеге әкелді. Көп ұзамай Динара мен Әлия Назарбаева дүниеге келді.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Сара Алпысқызы қоғамдық жұмыстарда белсенді болды. 1992 жылы ана мен баланы, жетім балаларды қамқорлыққа алатын және білім алуына жәрдемдесетін "Бөбек" қорын ашты. Қазақстанда тұңғыш "SOS Киндердорф" балалар ауылын ашылуына мұрындық болды.

Қоғамдық жұмысы үшін "SOS Киндердорф" халықаралық қорының алтын медалімен, ЮНИСЕФ арнайы сыйлығымен, "Өзін-өзі тану философиясы мен оқу мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін" Шыңғыс Айтматов атындағы алтын медальмен және Қазақстанның бірінші дәрежелі "Достық" орденімен марапатталған. Сондай-ақ, бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының Ихсан Дограмачи атындағы халықаралық жүлдесі және "Құрманжан Датқа" мен Unity халықаралық жүлдесіне ие болған. Софи Лореннің Ресей "Қызыл крест" қоғамы тағайындаған "Алтын жүрек" халықаралық жүлдесін тапсырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer