Сайлау учаскесіндегі заңбұзушылықтардың видеосы фейк болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сайлау учаскесіндегі заңбұзушылықтардың видеосы фейк болып шықты © stopfake.kz

Facebook-те сайлау учаскесінде бақылау камерасымен түсірілген бейнежазба жарияланды. Онда бюллетеньдердің дауыс беру жәшігіне салу барысы көрсетілген. Жазба авторының айтуынша, бұл Қазақстанда болған жағдай. Шын мәнінде, бұл ескі видео және өткен жылдың шілдесінде Мәскеуде түсірілген, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Видеоның түпнұсқасын Twitter-ден көруге болады. Ол 2 шілдеде Ресейде Конституцияға өзгертулер енгізу жөніндегі сайлаудан кейінгі күні жарияланған.

Кейіннен мәскеулік Раменка ауданындағы осы сайлау учаскесінде дауыстарды санау тоқтатылды, бұл туралы Мәскеудің сайлау комиссиясы өзінің Telegram-каналында хабарлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети