Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Сенат депутаттығына 79 үміткер ұсынылды

08 Тамыз 2014, 16:32
0
ҚР Парламенті Сенатының ғимараты. ©Тұрар Қазанғапов
ҚР Парламенті Сенатының ғимараты. ©Тұрар Қазанғапов

Орталық сайлау комиссиясының дерегі бойынша 8 тамызға дейін ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына 79 үміткер ұсынылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Барлық аймақтан ұсынылған 79 адамның ішінде төртеуі ғана - әйел. Аймақтардан ұсынылған үміткерлердің саны төмендегідей:

Ақмола облысы - 6,

Ақтөбе облысы - 6,

Алматы облысы - 5,

Атырау облысы - 4,

ШҚО - 4,

Жамбыл облысы - 5,

БҚО - 4,

Қарағанды облысы - 6,

Қостанай облысы - 4,

Қызылорда облысы - 5,

Маңғыстау облысы - 5,

Павлодар облысы - 5,

СҚО - 5,

ОҚО - 5,

Алматы - 5,

Астана - 5 адам.

Бұлардың ішінде 14 үміткерді жергілікті мәслихаттар ұсынса, 65-і өзін өзі ұсынған. Бұл үміткерлердің төртеуі - осыған дейін Сенат депутаты болып сайланғандар. "Үміткерлердің орташа жас мөлшері 53-ті құрайды. Олардың ең жасы 37 жаста болса, ең үлкені 66 жаста. Мамандықтары туралы айтсақ, 29 инженер, 12 экономист, 11 оқытушы, 11 ауыл шаруашылығы қызметкері, 10 дәрігер, 4 заңгер, сондай-ақ, 2 басқа мамандық иесі бар", - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос. Үміткерлер туралы толығырақ мына жерден оқуға болады.

Қазір ұсынылған үміткерлер ҚР Конституциясы мен заңнамасының талаптары бойынша тексерістен өтуде. "Депутаттықтан үміткер ретінде тіркелу үшін азаматтар жергілікті мәслихат депутаттарының кемінде 10% қолдауына ие болуы керек. Бұл қолдау мәслихат депутаттарының қол қоюы бойынша куәландырылады. Сонымен бірге, таңдаушылардың әрқайсысы өз қолын тек бір ғана кандидатты қолдап, қол қоюға құқылы. Мәслихат депутаттарының қолы Сенат депутаттығына кандидат тіркелгеннен кейін сот шешімінің негізінде ғана қайтарылып алынады", - деді бүгін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, Парламент Сенатының сайлауы 1 қазанға белгіленіп отыр. Депутаттыққа үміткерлерді ұсыну 2 тамыз күні басталып, сайлау өтетін күнге бір ай қалғанға дейін созылады. Үміткерлерді ұсыну Астана, Алматы қалалары мен облыстардың, қалалар мен аудандардың мәслихат сессияларында немесе өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша жүргізіледі. Сенат сайлауына бюджеттен 136 млн теңге бөлініп отыр.

Парламенттің жоғарғы палатасында барлығы 47 депутат бар, оның 15-ін Мемлекет басшысы, 32-сін мәслихаттар (әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан екі адамнан) тағайындайды. Сенат депутаттары алты жыл мерзімге сайланады. Үш жыл сайын сенаторлардың жартысы қайта сайланады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай