12 қаңтар 2023 10:56

Сенат Жоғарғы Соттың үш судьясын қызметінен босатты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вячеслав Салий, Асан Ескендіров және Айгүл Қыдырбаева Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Вячеслав Салий, Асан Ескендіров және Айгүл Қыдырбаева Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ұсынылған кандидаттар бұдан бұрын конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында талқыланғанын айтты.

Жоғары сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп бұл судьялар басқа қызметке тағайындалуына байланысты Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылуы керек екенін айтты.

Осы орайда Парламент Сенатының қарауына Асан Ескендіровті, Айгүл Қыдырбаеваны, Вячеслав Салийді Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босату ұсынымы енгізілді.

Палата депутаттары аталған ұсынымға қолдау білдірді.

Асан Ескендіров пен Айгүл Қыдырбаева Конституциялық соттың судьялары қызметіне, Вячеслав Салий Қостанай облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети