15 наурыз 2017 12:39

Сенатор жүргізуші куәлігін "сатып алған" алматылық қызды әлеуметтік желілерде түсінік беруге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенатор Бірғаным Айтымова жүргізуші куәлігін "сатып алған" алматылық қызды әлеуметтік желілерде түсінік беруге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенатор Бірғаным Айтымова жүргізуші куәлігін "сатып алған" алматылық қызды әлеуметтік желілерде түсінік беруге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жүргізуші куәлігін беру мәселесі бақылауда болуы керек. Күнделікті жол-көлік оқиғалары жайлы жазылып жатады. Барлығы ашық болуы тиіс, жүргізушілердің қалай оқып, қалай дайындалып жатқаны жайлы мәліметтер қолжетімді болуы керек. Мен бұл қыздың (Айгерім Фазылова - автор.) осылай мәлімдеме жасағанына таңғалып отырмын. Мұны тіпті әзіл етіп айтса да, ол әлеуметтік желілерде байланысқа шығып, оны әзіл ретінде айтқанын түсіндіруі керек. Себебі мен бүгін қайтадан осы қыздың қалай емтихан тапсырып жатқаны түсірілген суретті көрдім", - деді Бірғаным Айтымов

Сондай-ақ, сенатор осыдан төрт жыл бұрын болған бір жағдайды есіне алды. "Менің "адамның әділетсіз жолмен жүргізуші куәлігін алуға мүмкіндігі бар ма?" деген сұрағыма "жоқ, мүмкін емес" деп жауап берген еді. Сондықтан мен бұл тақырыпты көтерген де жоқпын. Біз жүргізуші куәлігін тек соған лайықты адам алуы керек екенін айтқан болатынбыз", - деді сенатор.

Ал осыған дейін Алматы облыстық ІІД өкілдері әлеуметтік желіде жүргізуші куәлігін "сатып алдым" деп мақтанған алматылық 20 жастағы Айгерім Фазылованың оқиғасына қатысты пікір білдірген.

"Осы дерек бойынша, шын мәнінде қызметтік тексеріс басталды. Талғар ауданында тұратын қыздың 2013-2015 жылдар аралығында екі жылдық курстан өткені белгілі. Ол екінші мәрте тапсырғаннан кейін ғана емтиханнан өте алған. Тексеріс қазіргі уақытта жалғасып жатыр, мән-жайы анықталу үстінде", - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Ал осыған дейін қыздың куәлік сатып алғаны жайлы скриншот әлеуметтік желілерде пайда болған. Кейін ҚР Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері алматылық қыздың мақтанып, "сатып алдым" деген жүргізуші куәлігіне қатысты пікір білдірген. Кейін әкесі Жамбыл Фазылов қызы Айгерімнің шын мәнінде Алматы облысынан жүргізуші куәлігін алғанын растаған еді. 


© Instagram

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети