14 наурыз 2017 12:40

Полиция жүргізуші куәлігін "сатып алған" қыздың емтихан тапсырған сәті түсірілген видеоны жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция жүргізуші куәлігін "сатып алған" қыздың жол қозғалысы ережесіне емтихан тапсырған сәті түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Полиция жүргізуші куәлігін "сатып алған" қыздың жол қозғалысы ережесіне емтихан тапсырған сәті түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы облыстық ІІД өкілдері жолдаған видео тігінен түсірілген. Кадрлардан қыздың тестілеуден қалай өтіп жатқанын көруге болады, алайда компьютерінің экранын анықтап көру мүмкін емес.

"Сатып алынған" куәлік айналасындағы дау 12 наурызда басталған. Әлеуметтік желіде "Купили мне права, урааа папочка спасибо" деген сипаттамамен жүргізуші куәлігінің суреті пайда болған. Бір демде бұл суретке Қазнет назар аударып, сынға алған еді. 

Мұның алдында Алматы облыстық ІІД өкілдері әлеуметтік желіде жүргізуші куәлігін "сатып алдым" деп мақтанған алматылық 20 жастағы Айгерім Фазылованың оқиғасына қатысты пікір білдірген.

"Осы дерек бойынша, шын мәнінде қызметтік тексеріс басталды. Талғар ауданында тұратын қыздың 2013-2015 жылдар аралығында екі жылдық курстан өткені белгілі. Ол екінші мәрте тапсырғаннан кейін ғана емтиханнан өте алған. Тексеріс қазіргі уақытта жалғасып жатыр, мән-жайы анықталу үстінде", - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Ал осыған дейін қыздың куәлік сатып алғаны жайлы скриншот әлеуметтік желілерде пайда болған. Кейін ҚР Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері алматылық қыздың мақтанып, "сатып алдым" деген жүргізуші куәлігіне қатысты пікір білдірген. Кейін әкесі Жамбыл Фазылов қызы Айгерімнің шын мәнінде Алматы облысынан жүргізуші куәлігін алғанын растаған еді. 


© Instagram

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети