27 шілде 2020 13:23

Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед Бас прокурорға хат жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Бас Прокурордың атына хат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Бас Прокурордың атына хат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хатта жасанды дәрілік препараттарды даярлауға қатысты жазаны қатайтып, барлық фармацевтикалық қойма мен дәріханада осындай жасанды дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруді ұсынылды.

"Мемлекеттің барлық қажетті жағдайды жасағанына қарамастан біз дәрілік құралдар мен медициналық бұйымдардың жаппай жетіспеушілігіне және олардың қымбаттауына куә болып отырмыз. Бұл арада бағаны қымбаттату мен жасанды түрде сұранысты арттыру жөнінде өзара ымыраласудың орын алу мүмкіндігін құзіретті органдар, оның ішінде Бас Прокуратура анықтау керек" -делінген хатта. 

Сенатор таяуда ғана Алматыда жасанды дәрілік препараттарды даярлайтын астыртын цех пен оларды салатын қораптар жасайтын баспахана және заңсыз өнімдерді сақтайтын қойма табылғанын еске салды. Онда күмәнді жолмен жасалып, қораптарға салынған және сатуға даярланған "Ротацеф", "Солкосерил", "Регидрон оптим", "Кальций Д3 никомед", "Цефамед", "Цераксон", "Цефтазидим" тағы басқа жалпы көлемі 100 тоннадан асатын дәрілік зат тәркіленгені айтылған.

"Қазір әрбір дәрілік препарат пен медициналық бұйым есепке алынып, дәрігерлеріміз әрбір сырқаттың денсаулығы мен өмірін сақтап қалу үшін жанқиярлықпен күресіп жатқан кезде мұндай сұмпайы кәсіпкерлердің ашкөздігі мен арамзалығы жағаны ұстатады. Олардың арам пиғылының ауқымы біздің мыңдаған отандастарымыздың өміріне қауіп төндіріп, еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне орасан зор нұқсан келтіре жаздады" - дейді Мұхтар Құл-Мұхаммед. 

Хатта қылмыстық іздестіру органдары фальсификат өнімдерді таратудан туындайтын ауыр салдарларды дәлелдейтінін,бірақ қазірдің өзінде халқымыз өте қиын жағдайды бастан кешіріп отырған кезеңде мұндай сорақы қылмыстың орын алуы ел қауіпсіздігіне төнген зор қатер деп бағалануға тиіс делінген.

"Осыған орай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сату, тарату және сақтаумен айналысатын мекемелерді шұғыл түрде тексеру керек. Мұндай астыртын цехтың қанша уақыт жұмыс істеп, фальсификат өнімдердің қанша мөлшерін таратып үлгеру мүмкіндігі де арнайы тексеруді қажет етеді", - сенатор. 

Сонымен қатар, Мұхтар Құл-Мұхаммед осы саладағы халықаралық тәжірибе де сүзгіден өткізіліп, мұндай қылмыстың ауқымы, адам өмірі мен денсаулығына тигізетін ауыр зардаптары қылмыстық жауапкершілік тұрғысынан саралануға тиіс екеніне тоқталды.

"Жоғарыда көрсетілгендерді ескеріп, дәрілік құралдар мен медициналық бұйымдарды пайдалану саласындағы қылмыстық заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселесін жедел қолға алу керек. Бұл істе Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті қолдау мен көмек көрсетуге әзір" - делінген хатта. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети