15 шілде 2015 17:09

Серік Ахметовті соттайтын судьяның аты-жөні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Ахметов. © REUTERS Серік Ахметов. © REUTERS

Серік Ахметовті Исламхан Есенбаев соттайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Серік Ахметовті Исламхан Есенбаев соттайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов пен Қарағанды облыстық әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғасына қатысты істі Қарағандының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Исламхан Есенбаевтың қарайтынын растады.

Бұл судьяның аты-жөні бұған дейін бірнеше рет аталған болатын, биыл көктемде Қарағанды облысында гимназияның 14 жастағы оқушысы Виктория Шевкунованың өліміне қатысты даулы процессті жүргізді. Ол кезде сот айыпталушы Станислав Кимді ақтап алды. Ақтап алу туралы үкімнің негізінде судья Исламхан Есенбаев сотталушыны қаза болған қыздың өліміне және ұялы телефонының ұрлануына кінәлі емес деп тапты.

2013 жылы судья Есенбаев, такси жүргізушісінің өліміне қатысты істі қарап шығып, айыпты екі азаматты 14 және 15 жылға соттады.

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов пен Қарағанды облыстық әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғасына қатысты сот отырысының қай күні және қай жерде өтетіні белгісіз.

Еске сала кетейік, бұған дейін Серік Ахметов ісінің сотқа жіберілгені хабарланған болатын. Қазақстанның бұрынғы министрі Серік Ахметовке жемқорлық мәндегі алты қылмыс бойынша ресми түрде айып тағылған болатын, олардың қатарында аса ірі көлемде пара алды (тергеудің тұжырымынша, 2 миллион 400 мың доллар - Автор.), аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды, лауазымын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деген айыптар бар.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети