30 қаңтар 2019 09:38

Серік Сәпиев депутаттық қызметтен бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/serik_sapiyev © instagram.com/serik_sapiyev

Мәжілісте депутат Серік Сәпиевтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды.


Мәжілісте депутат Серік Сәпиевтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Мелдешов шешімді оқыды.

"ҚР Орталық сайлау комиссиясы отставкаға кету жайлы өтініштің түсуіне байланысты Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Сәпиев Серік Жұманғалиұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін шешуге ұсыныс жасайды", -деді Мелдешов.

Депутаттар дауыс беріп, Сәпиевтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады.

"Құрметті Серік Жұманғалиұлы, сізге парламентте бізбен бірге атқарған жұмысыңыз үшін барлық депутаттық корпус атынан алғыс айтамыз. Сізге мемлекеттік қызметтегі жаңа орныңызда сәттілік тілейміз", - деді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.

Серік Сәпиев әріптестеріне алғысын айтты.

"Осы мүмкіндікті қолдана отырып, біздің Мемлекет басшысы, партия төрағасын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа спортта осындай сенім білдіргеніне алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, сізге Нұрлан Зайруллаұлы және құрметті әріптестерімнің әрқайсына айтқан кеңестері, көрсеткен қолдауларына, Парламент Мәжілісінде жинаған тәжірибе үшін алғыс білдіремін. Сіздермен әлі де осылай жұмыс істейміз деп сенемін. Еліміздің өркендеп, қоғамымыздың дамуы үшін", - деді Сәпиев.

Еске салайық, Серік Сәпиев Мәжіліс депутаты қызметіне 2017 жылдың ақпанында келген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети