07 қараша 2022 17:51

Сеулдегі қайғылы оқиға: СІМ Желіде қаражат жинап жатқандарға қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:twitter.com/MySamudera Фото:twitter.com/MySamudera

Сыртқы істер министрлігі өкілдері Сеулде Хэллоуин мерекесі кезінде қаза тапқан қазақстандықтың денесін елге жеткізу үшін қаражат жинауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыртқы істер министрлігі өкілдері Сеулде Хэллоуин мерекесі кезінде қаза тапқан қазақстандықтың денесін елге жеткізу үшін қаражат жинауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров бұл оқиғадан кейінгі күні Кореяның Сыртқы істер министрлігімен келіссөздер жүргізілгенін және қаза тапқан студенттің денесін Ақтөбеге жеткізу бойынша барлық шығындарды корей тарапы көтеретіні туралы уағдаластыққа қолжеткізілгенін айтты.

"Бұл қайғылы жағдай, анықтау қиын болды. Сеулдегі елшілігіміз қолдан келгеннің бәрін жасады. Мәйіт 3 қарашада Алматыға, 4 қарашада Ақтөбеге жеткізілді. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында 1 қарашада мәйіт жеткізілді деген тексерілмеген ақпарат тарады. Өкінішке қарай, осы өлімнен ақша табуға тырысқан және әлеуметтік желілерде қандай да бір қаражат жинауды жариялаған адамдар бар. Біз корей тарапы денені жеткізудегі барлық шығынды толығымен өтегенін мәлімдейміз. Қаза тапқан студенттің денесін Қазақстанға жеткізу үшін ақша жеткіліксіз деген ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп түсіндірді СІМ өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети