Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Шенеуніктерге отандық көлікке отыруды заңмен міндеттеу ұсынылды

13 Қазан 2014, 16:11
0
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда шенеуніктерге отандық көліктерге отыруды заңмен міндеттеу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай ұсынысты Мәжіліс депутаты әрі Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев көтерді.

"Өкінішке қарай, біз Қазақстанның автокөлік құрастыруын ілгерілетумен айналысатын қауымдастық ретінде қанағаттанбай отырмыз", - деді ол мемлекеттік аппараттың отандық өнімдерді қолдануға асықпайтыны туралы айтып.

"Отандық машиналарды міну керектігін көрсетіп, өзгелерге үлгі болған Инвестициялар және даму министрі құрметке лайық деп есептеймін. Мен, сонымен бірге, барлық мемлекеттік органды отандық өнімге көшуге шақырамын. Отандық автокөліктерге көшуді насихаттап қана қоймай, оны қаласа да, қаламаса да - реттеу қажет. Бұл мәселелерді заңмен реттеу керек деп ойлаймын", - деді Машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Астана өткен брифингте.

Мейрам Пішембаев 2020 жылға қарай Қазақстанда өндірілетін автокөліктердің көлемі 200 мыңға жететінін айтты. Биыл, оның айтуынша, 42 мыңнан 44 мыңға дейін көлік өндіріледі: жеңіл машиналар, автобустар және жүк автокөліктері.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметкерлерге қымбат шетелдік көліктерден бас тартып, отандық автокөліктерге көшуді бірнеше рет тапсырған болатын. Оны алғашқылардың бірі болып, Әсет Исекешев орындады. 2012 жылы Индустрия және жаңа технологиялар министрі болған ол елімізде өндірілген автокөлікке отырды. Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, министр жаңа көлігіне риза.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай