Шерзат Болаттың өлімі: айыпталушылардың желіде тараған видеосы тексеріледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

Талдықорғанда Шерзат Болаттың (Полат) өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Сот отырысы бұған дейін желіде тараған айыпталушылардың видеосын талқылаудан басталды. Қоғамда резонанс тудырған кадрлар сот залында дау туғызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Талдықорғанда Шерзат Болаттың (Полат) өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Сот отырысы бұған дейін желіде тараған айыпталушылардың видеосын талқылаудан басталды. Қоғамда резонанс тудырған кадрлар сот залында дау туғызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарияланған видеожазбада айыпталушылардың кабинадан күлімсіреп шығып бара жатқаны көрінеді. Бұл әлеуметтік желі қолданушылары мен қоғам арасында наразылық толқынын тудырды.

Отырыс барысында видеоның авторы мен оны таратушыға қатысты пікірталас туындады. Адвокаттардың бірі сотта оның мобилографы жұмыс істегенін айтты, алайда дәл осы видеоны оның көмекшісі түсірмегенін жеткізді.

Судья Ержан Жанұзақов роликтің таралу дерегі бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Процесс Жетісу облысы Талдықорғандағы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтіп жатыр. Айыпталушылар орнында тоғыз адам отыр.

Бұған дейін Алматы облысы Полиция департаменті Шерзат Болат ісі бойынша тергеу аяқталғанын хабарлаған еді. Тергеу аясында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынған. Барлық күдіктімен оқиға болған жерде жауап алу, іске қатысушылар арасында беттестіру және қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған басқа да тергеу әрекеттері жүргізілген.

Сегіз бейнематериал зерттеліп, қылмысқа қатысы бар барлық адамға құқықтық баға берілді. Қылмыстық істің көлемі 62 томнан тұрады.

Еске салайық, Талғарда 2024 жылы 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.

Сонымен қатар, Алматы облысы Полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.

Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.44  course up  590.94  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer