15 наурыз 2022 18:01

Шетел валютасын шекарадан шығаруға тыйым салу: қандай жауапкершілік қарастырылған?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Мемлекеттік кірістер комитеті шетел валютасын шекарадан шығаруға салынған тыйымды бұзған жағдайда жауапкершілік қарастырылғанын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекеттік кірістер комитеті шетел валютасын шекарадан шығаруға салынған тыйымды бұзған жағдайда жауапкершілік қарастырылғанын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекеттік шекарадан өту кезінде кідірістерге жол бермеу үшін қолма-қол ақшаны алдын ала есептеп шығуға кеңес берілді. Қолма-қол ақша мен шетелдік валютадағы ақша құралдары сомасының баламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағамы бойынша 10 000 (он мың) АҚШ долларынан аспауы қажет", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймалары және ALTYN BARYS алтынынан және KÚMIS BARYS күмісінен жасалған инвестициялық монеталардың, сондай-ақ 100 грамнан асатын аффинирленген алтынды өзімен бірге (багажда) алып кетуге болмайды.

МКК тыйымның бұзылуы анықталған жағдайда, тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертті. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайда он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (45,9 мың теңге) айыппұл салынады. Сондай-ақ, соттың шешімі бойынша аталған ақша мен тауарлар мемлекет кірісіне тәркіленуі мүмкін.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы" Жарлыққа қол қойған болатын. Оған сәйкес, шетел валютасы мен алтынды шекарадан шығаруға тыйым салынады.

Шетел валютасын шекарадан шығаруға қатысты тыйым қалай реттеледі?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети