Шетелдік жұмысшылардың қақтығысы болған "Әбу-Даби Плаза" құрылыс алаңы видеоға түсірілді

03 Қыркүйек 2017, 11:48
0
Шетелдік жұмысшылардың қақтығысы болған "Әбу-Даби Плаза" құрылыс алаңы видеоға түсірілді -

Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Тәңірберген Бердоңғаров "Әбу-Даби Плаза" құрылыс алаңындағы шетелдік жұмысшылардың жатақханасын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны Тәңірберген әлеуметтік желілер мен Youtube хостингіне салды. "Айтпақшы, мынау үндістер тұратын жатақхана", - деп сипаттама берді Бердоңғаров жатақхананың үстінен түсірілген видеоны көрсетіп. Оның айтуынша, жатақхананың маңын әлі де полиция күзетіп жүр. 

"Бүгінгі таң, қақтығыс шешілді және мұндай қақтығыстарды ендігіде болғызбасын, басты сұрақты өз құрылыс алаңында тәртіп орната алмаған мердігерге қою керек", - деді видео авторы. 

Еске салайық, кеше, 2 қыркүйекте құрылысы жүріп жатқан "Әбу-Даби Плаза" кешенінде 20.35-те Үндістан азаматтары мен жергілікті жұмысшылар мен күзетшілердің арасында кішігірім келіспеушілік болған. ҚР Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың хабарына қарағанда, қақтығыс күзетшінің Үндістан азаматын мас күйде нысаннан шығаруға қарсы болғандығынан шыққан. Кейін ол отандастарын шақырып, күзетшіні ұрып-соққан, жергілікті жұмысшылар оған жақтасқан, салдарынан төбелес болған, оған шамамен 30 адам қатысқан. Оқиға орнына Үндістанның Қазақстандағы елшісі, жергілікті билік пен компания өкілдері келді. Ішкі істер органдары мұндай тәртіпсіздік пен төңкерістердің алдын алу үшін шаралар кешенін жүргізді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай