18 шілде 2017 11:15

ШҚО-да болған дауылдан тыл ардагерінің үстіне шатыр құлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде 82 жастағы ер адамның үстіне әкімшілік ғимараттың шатыры құлаған. Салдарынан қарт адам ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатыр. Оған шұғыл қан қажет, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өскеменде 82 жастағы ер адамның үстіне әкімшілік ғимараттың шатыры құлаған. Салдарынан қарт адам ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатыр. Оған шұғыл қан қажет, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға жайлы зейнеткердің туысы хабарлады. "Кешегі дауылдан атам зардап шекті. 82-де, тыл ардагері. Үстіне шатыр құлап кеткен. Қазір қалалық ауруханада ауыр халде жатыр. Оған шұғыл түрде қан қажет", - деді әлеуметтік желі қолданушысы.

Қалалық аурухананың өкілдері науқастың жансақтау бөлімінде жатқанын растады. Алдын ала мәлімет бойынша, шатырдың қирандылары оның ішкі органдарына тиіп, қан жоғалтқан. Дәрігерлер науқастың жағдайына қандай да бір болжам жасаудан бас тартып отыр.

Сонымен қатар, ШҚО ТЖД өкілдері тұрғындардың дауыл туралы ескерту болмады деп айыптағанына байланысты пікір білдірді. 

"Алдын ала, жексенбіде, түстен кейінгі уақытта "Қазгидромет" мәліметінің негізінде құтқарушылар ұялы қосымша мен ведомствоның ресми сайты арқылы 17 шілдедегі ауа райы жайлы халыққа ескерту жасалды, ескертуде желдің секундына 20 метр жылдамдықпен соғуы мүмкін екені айтылды. Бұл мәлімет ауа райына сәйкес болды ма, жоқ па - бұл мәселені ТЖ-ға емес, синоптиктерге қою керек", - деді ТЖД өкілдері.

Еске салайық, кеше Шығыс Қазақстан облысында дауыл тұрған еді. Өскеменде жұлынып кеткен шатыр көліктердің үстіне түскен, желден жарнама құрастырмалары қирап, аялдамалар мен ағаштарды құлатқан. Дауыл 10-15 минуттай уақыт болған. Әлеуметтік желілердегі хабарламаларға қарағанда, өңірдің барлық жерінде де тұрғындар желдің болғанын айтып отыр. Қолданушылар құлаған ағаштар, қираған аялдамалар және бүлінген көліктерді суретке және видеоға түсіріп, редакцияға жолдады. Кейін дауылдан бес адамның зардап шеккені белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети