06 ақпан 2017 17:29

ШҚО-да екі студент қыз "Синий кит" өлім ойынына тартылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© FOR.kg © FOR.kg

ШҚО-да әлеуметтік желі арқылы "Синий кит" өлім ойынына тартылған екі қызды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оларды прокуратура өкілдері арнайы мониторинг кезінде "ВКонтакте" желісінің "Типичный Семск" тобынан тапқан.


ШҚО-да әлеуметтік желі арқылы "Синий кит" өлім ойынына тартылған екі қызды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оларды прокуратура өкілдері арнайы мониторинг кезінде "ВКонтакте" желісінің "Типичный Семск" тобынан тапқан.

Онда суицидті насихаттайтын материалдар жарияланған. "Осы топтың фонында Семей көшелеріне көпірден секіріп жатқан көк киттің суреті жарияланған. Мұндай суреттер "Синий кит" өлім ойынының басты символдарына айналған. Осы пабликтің қолданушылары арасында суицидке итермелейтін тапсырмалар кеңінен талқыға түскен. Соның салдарынан Семей колледжінің 16 және 17 жастағы студенттері ойын туралы жақсы пікір қалдырғаны анықталған. Семей прокуратуратурасының қызметкерлері осы екі қыздың Желідегі парақшасын толығымен тексеріп, суицидті насихаттайтын топтың мүшесі болғанын анықтаған. Кәмелет жасына толмаған қыздардың айтуынша, олар ойынның тапсырмаларын орындап үлгермеген. Айта кетейік, қыздар тұрмысы жоғары отбасыларынан шыққан, бірақ екі қыздың да әкелері жоқ. Қазіргі уақытта қыздармен психологтар жұмыс істеп жатыр", - деді ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметінің мамандары. 

Сонымен қатар, ведомстводағылар ішкі істер органдарының қызметкерлері "Типичный Семск" тобын зерттеп жатыр, оның не үшін және қандай мақсатта құрылғаны және де модератордың көк киттің суретін не үшін салғанын анықтайтын болады. Мамандар "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі зорлық пен суицидті насихаттайтын 9 топты анықтаған. Барлық топтарда, кәмелет жасына толмаған балалардың арасында суицидті насихаттау деректері табылған, ШҚО прокуратурасы осы топтардың Қазақстан аумағында бұғаттау мәселесін шешіп жатыр.  

Еске салайық, "Отбасы және отбасылық құндылықтарды қолдау бойынша қазақстандық ата-аналардың қауымдастығы" республикалық қоғамдық ұйымы азаматтарды балаларын өлімге апаратын "Синий кит" (Тихий дом") деп аталатын ойынынан қауіпсіздендіруге шақырды. 

Ассоциация мамандары осы ойынның әлеуметтік желіде егжей-тегжейлі қалай ойналатыны шыққаннан кейін үрейлене ескертеді. ВКонтакте желісінде "Синий кит" және "Тихий дом" топтарында балалар мен жасөспірімдерді осылай аталатын ойынға шақырады екен. Қолданушылардың айтуынша, ойынға кірген балалар 50 тапсырма орындауы қажет, оның ішінде тамырыңды кесу керек және қолыңа киттің суретін салу керек деген сияқты тапсырмаларды орындау қажет, соңында олар өздеріне қол жұмсауы тиіс. Финалдық тапсырма міндетті түрде орындалуы керек, әйтпесе ұйымдастырушылар баланың туыстарын өлтіреміз деп қорқытады екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети