21 қыркүйек 2023 14:10

ШҚО-да интернет алаяқтар қазақстандықтарды 80 миллион теңгеге сан соқтырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:polisia.kz Фото:polisia.kz

ШҚО полицейлері қазақстандықтарды 80 миллион теңгеге сан соқтырған интернет-алаяқтар тобын құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


ШҚО полицейлері қазақстандықтарды 80 миллион теңгеге сан соқтырған интернет-алаяқтар тобын құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО ПД криминалдық полиция "Киберпол" қызметкерлері интернет-алаяқтық дерегі бойынша көп эпизодты қылмыстық істі ашты.

Бұған дейін Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөліміне облыс орталығының тұрғыны өтінішпен жүгінген. Ол белгісіз адам оған қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырғанын айтқан.

"Сұхбаттасушы оның атына ақшалай несие ресімделгенін айтып, өз көмегін ұсынған. Банктің жалған қызметкері сенгіш жәбірленушінің сауалнамалық деректерін алып, оған 1 миллион теңге көлемінде несие ресімдеген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері үш күдіктінің жеке басын анықтады. Тәртіп сақшылары олардың үйлеріндегі заттай дәлелдемелерді тәркіледі. Алаяқтардың шотында бүкіл Қазақстан бойынша 50-ден астам жәбірленуші бар, ал залал сомасы шамамен 80 миллион теңге болады", - делінген хабарламада.

Олар жұмысты танымал мессенджер арқылы тапқаны анықталды. Олардың рөлі қылмыстық жолмен алынған бөтен адамдардың ақшасын банкоматтар арқылы заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру болған. Кейін олар мәміленің белгілі бір пайызын алып, ақшаны криптовалютаға аударып отырған.

Полиция департаменті ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеуді бастады, қазіргі уақытта қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети