01 маусым 2023 12:42

ШҚО-да су қоймаларынан 15 мыңнан аса тұрғынға су тасқыны қаупі төніп тұр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото:elements.envato.com фото:elements.envato.com

Сенат депутаты Ольга Булавкина Шығыс Қазақстанда апатты су қоймаларынан 15 мыңнан аса тұрғынды су басу қаупі төніп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат депутаты Ольга Булавкина Шығыс Қазақстанда апатты су қоймаларынан 15 мыңнан аса тұрғынды су басу қаупі төніп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатор премьер-министр Әлихан Смайыловқа сауал жолдап, онда төтенше жағдайлардың алдын алу қажет екенін және суды ұтымды пайдаланудың маңыздылығын айтты.

Сенатордың айтуынша, Үйдене су қоймасы 10 жылға жуық уақыттан бері апатты жағдайда. 2017 жылдан бастап бөгетті қайта құру басталған, бірақ қаржыландырудың болмауына байланысты жоба тек 35 пайызға орындалған. Дайындалған жобалау-сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) қолданылу мерзімі өтіп кетті, оның үстіне онда бас суағардың негізгі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары көзделмеген. Проблемалық жағдай аймақтың бірқатар басқа су қоймаларында да қалыптасқан.

"Тарбағатай ауданының Қандысу су қоймасы мен Күршім ауданының Орта-Теректі су қоймасы 2019-2021 жылдар аралығында жөнделуі тиіс еді. Бөгеттер бұзылған жағдайда су басу аймағына 15,5 мың адам түседі. Магистральдық және шаруашылықішілік арналардың қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі тасымалдау кезінде су ысырабына әкеледі. Төтенше жағдайға байланысты бұл су қоймалары ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ететін жалғыз көз функциясын толықтай орындай алмайды, суару үшін сумен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ, бұл егін өнімділігінің төмендеуіне әкеп соғады", - деді депутат Ольга Булавкина.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети