23 мамыр 2019 09:07

ШҚО-да толассыз жауған жауын тұрғындарды әбігерге салды

Видеодан алынған кадр

Шығыс Қазақстан облысында толассыз жауған жауын мен еріген қар суы тұрғындарды әбігерге салды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында толассыз жауған жауын мен еріген қар суы тұрғындарды әбігерге салды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, екі бірдей өзен арнасынан асып, елге қауіп төндіріп тұр. Қазір су рекордтық деңгейге көтеріліп, арнасына сыймай жатыр. Екпіні қатты өзен суы құрылысы бітпеген су электр стансасын басып қалған. Техникаларды ешкім шығарып үлгермеген, сондықтан бәрі су астында қалды. Ал жұмысшылардың өзі тасқыннан әзер дегенде қашып құтылған.

Реклама
Реклама

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

"Жағдай тұрақты, үнемі мониторинг жасалып тұрады. Елді мекендер мен адамдарға еш қауіп жоқ. Күштер мен құралдар шақыртылған жоқ, жағдай қалыпты", - дейді ШҚО ТЖД маманы Жадыра Аманғалиқызы.

Мамандардың мәліметінше, өзендердегі су сәл төмендеген. Дегенмен жаңбыр әлі күнге жауып жатыр. Синоптиктердің болжауынша, жаңбырлы күн апта соңына дейін сақталады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram