20 сәуір 2021 12:30

ШҚО-да үш қала "қызыл" аймаққа кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Өскемен, Семей және Аягөз қалалары "қызыл" аймаққа кірді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өскемен, Семей және Аягөз қалалары "қызыл" аймаққа кірді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, сәуірде ШҚО-да коронавирустың таралуы бойынша өсім байқалды. Кешегі күннен бері "қызыл" аймаққа Өскемен, Семей, Аягөз кірді. Осыған байланысты ШҚО бас санитария дәрігерінің қаулысы дайындалды. Оған қол қойылса республикалық деңгейде 22 сәуірден бастап күшіне енеді. Ол өңірдегі карантин шараларын күшейтуге бағытталған", - деді Шәкәрім Бұқтұғұтов.

Шәкәрім Бұктұғұтовтың айтуынша, сәуірдің соңына дейін ШҚО халқының 53 пайызын вакинациялау жоспарланған. Егер ай басында ШҚО-да 60 егу пункті болса, бүгінде 380-і іске қосылған.

"1 қазанға дейін 700 мыңнан аса азамат вакцинациялануы керек. "Я на карантине" қосымшасының жұмысын толығымен іске қосу керек. Медицина қызметкерлері осы жұмыспен айналысуы үшін барлық шараны қабылдау қажет. Денсаулық сақтау және эпидбақылау басқармаларына осыны қадағалауды тапсырамын", - деді кеңес барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Айта кетейік, ШҚО-да бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырған 67 жаңа жағдай тіркелді, оның ішінде Семейде - 25, Өскеменде - 23, Аягөз ауданында - 11.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети