18 маусым 2018 12:23

Шудағы пойыз апаты: Дәрігер зардап шеккен адамның жағдайын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

Жамбыл облысында пойызбен болған төтенше жағдайдан зардап шеккен ер адамның оң жақ тізесіне ота жасалатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысында пойызбен болған төтенше жағдайдан зардап шеккен ер адамның оң жақ тізесіне ота жасалатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1970 жылғы ер адамның Шу қалалық ауруханасының травмотология бөліміне жеткізілгені айтылады. 

"18 маусымдағы жағдай бойынша ер адамға ота жасалып жатыр. Жағдайы тұрақты. Отадан кейінгі жағдайы жайлы қосымша хабарлайтын боламыз", - делінген Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Басқармадағылардың мәліметінше, зардап шеккен 13 адамға медициналық көмек көрсетілген соң олар үйлеріне қайтарылды.

Сондай-ақ, 17 маусымда сағат 20.00-де Шу қалалық ауруханасына тағы 4 адамның медициналық көмекке жүгінгені айтылады. "Барлығына көмек көрсетілді. Олар үйлеріне қайтарылды", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.

Осыған дейін пойыз апатынан қаза болған жасөспірім мен зардап шеккендердің тізімі жарияланған болатын.

Сонымен қатар, мұның алдында ҚР ИДМ баспасөз қызметі Шу станциясы маңында пойыздың рельстен шығу себептерін тексеретін комиссия құрылғанын хабарлаған еді.

"17 маусымда 13.25-те Сарышаған-Шу учаскесінде Астана-Алматы бағытындағы #9/10 пойызының жолаушылар отыратын 8 вагоны рельстен шығып кетті. Төтенше оқиға машинист теміржолдың қисайғанын көріп, көлікті шұғыл тежегенінен кейін болды. Оқиғаны тексеру үшін ҚР ИДМ Көлік комитеті жанынан арнайы комиссия құрылды", - деп хабарлаған болатын ҚР ИДМ өкілдері.

Еске салайық, кеше, 17 маусымда сағат шамамен 14.00-де Жамбыл облысындағы Отар мен Шу станцияларының арасында төтенше жағдай болған еді. Мұның алдында үш вагонның рельстен шығып кеткені хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети