25 сәуір 2023 10:17

Шығыс Қазақстан облысында 45 гектарға жуық қураған шөп өртенді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

ШҚО ТЖД өртсөндірушілері Зайсан ауданында дала өртін сөндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ШҚО ТЖД өртсөндірушілері Зайсан ауданында дала өртін сөндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"24 сәуірде Қарабұлақ ауылынан 15 шақырым жерде қамыс пен құрғақ шөп өртенді. Жағдайды екпіні 8-ден 10 м/секудқа дейінгі жел мен жетуі қиын батпақты жер ушықтырды. Жергілікті атқарушы органдар мен ШҚО ТЖД қызметкерлерінің бірлескен іс-қимылдарының арқасында өрт 45 гектар аумақта сөндірілді. Өртті сөндіруге барлығы 62 адам және 12 бірлік техника жұмылдырылды. Жану орнын жергілікті атқарушы органдары мен мамандар өрт қауіпті кезеңде белсенді пайдаланатын космомониторинг жүйесі анықтады. Спутник анықтаған жылу нүктесі отпен күресудегі жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ШҚО ТЖД Өрт қауіпті кезеңде мынадай ережелерді қатаң сақтау қажет екенін еске салады:

  • өрт қауіпті кезеңде елді мекендердің, ұйымдардың, саяжай қоғамдарының, кәсіпорындардың аумақтары жанғыш қалдықтардан, қоқыстардан, құрғақ шөптерден уақтылы тазартылады
  • шаруа қожалықтары ені кемінде 4 м жыртуды міндетті түрде жүргізеді
  • шөпті өртеуге жол бермеңіз
  • орманда от жағуға болмайды
  • балаларға отпен және сіріңкемен ойнаудың қауіптілігі туралы түсіндіру
  • жол жиектері бойымен жүріп келе жатып, сөндірілмеген темекі тұқылдарын автомобильдердің терезелерінен шығаруға жол бермеу
  • отпен жұмыс жасағанда немқұрайлылық танытпаңыз
  • саяжай учаскелерінде мүмкіндігінше алғашқы өрт сөндіру құралдарын ұстаңыз, өртке қарсы алшақтықтар мен арақашықтықтарды сақтаңыз.

Рұқсат етілмеген от жағу және өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұза отырып құрғақ шөпті бақылаусыз өртеуге жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Өрт анықталған жағдайда "101" және "112" телефондары арқылы дереу хабарлау қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети