"Шымбұлақ" тау курортының әкімшілігі аспалы жолдардың неліктен тоқтап қалғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Шымбұлақ" тау курортының әкімшілігі аспалы жолдардың неліктен тоқтап қалғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мұның алдында кабинкалар бірнеше минутқа тоқтап қалғанын журналистер хабарлаған болатын.
"Бүгін жарыстар аяқталып, адамдардың көпшілігі төменге түсіп кеткеннен кейін қауіпсіздік жүйесі іске қосылып кеткен. Осының салдарынан аспалы жолдар біраз уақытқа тоқтап қалды. Кабинкалар 15 минут қозғалыссыз тұрды, кейін 10 минут апаттық қозғалтқыш жұмыс істеді. Ақау жөнделгеннен кейін аспалы жолдар штаттық режимде жұмысын қайта бастады", - дейді курорт әкімшілігінің өкілдері.
"Жөндеу бригадасы бірден станцияны толық қарап шықты. Техникалық қызметкерлер жолаушыларға қауіп төнбейтінін білгеннен кейін жұмысты жандандырды", - дейді "Шымбұлақ" ТК баспасөз қызметінің өкілдері.
Мұның алдында қар көшкіні жүру қаупінен "Шымбұлақта" 2017 жылғы қысқы Универисаданың тау шаңғысынан жарыстар ауыстырылған болатын. Бүгін таңертең "Қазгидромет" РМК дауылды ескерту жариялаған болатын. Іле Алатауында қардың қалың түскеніне байланысты 31 қаңтар мен 1 ақпан күндері қар көшкіні жүреді деп күтілуде.