25 наурыз 2022 12:35

Сөз бостандығын шектеу емес - ақпарат министрі жаңа заң жобасы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: elements.envato.com Көрнекі сурет: elements.envato.com

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров балалар мен кәмелетке толмағандарды буллинг пен кибербуллингтен қорғау бойынша заңнамаға ұсынылған түзетулерге түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров балалар мен кәмелетке толмағандарды буллинг пен кибербуллингтен қорғау бойынша заңнамаға ұсынылған түзетулерге түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр бұл түзетулерді қабылдау Қазақстандағы сөз бостандығын шектеу емес екенін айтады.

"Шын мәнінде, заң жобасына ұсынылып отырған түзетулер біздің еліміздегі сөз бостандығын ешбір жағдайда шектемейді, керісінше, ҚР аумағындағы әлеуметтік желілер мен мессенджерлер қызметін заңнамалық реттеуді көздейді. Басқаша айтқанда, біз шетелдік компаниялардың да елімізде қызмет етіп отырған кез келген кәсіпкерлік субъектілері сияқты ҚР заңдарын сақтауын қамтамасыз еткіміз келеді", - деп жазды Умаров Facebook желісіндегі парақшасында.

Умаровтың айтуынша, заңдарда тиісті баптар болмағандықтан, Meta, Telegram және тағы басқа сандық алпауыттар физикалық тұрғыдан Қазақстан территориясында болмағандықтан, олардан заңдарымызды сақтауды талап ете алмаймыз.

"Заңды өкілді тағайындау осы жағдайды түзетуге мүмкіндік береді. Министрлік соңғы жылдары халықаралық әлеуметтік желілердің иелерімен белсенді ынтымақтастық орнатып жатыр. "ВКонтакте", "Одноклассники", Mail.ru, Livejournal, Facebook, Instagram, TikТok, Linkedin, Telegram мессенджерлері бұл бастаманы құптады және осы нормаларды орындауға келісімдерін берді. Бүгінде шетелдік әлеуметтік желілер заңды өкілді анықтау және тағайындау бойынша жұмыс істеп жатыр", - дейді министр. 

Асқар Умаровтың сөзінше, бұл түзетулер қарапайым пайдаланушыларға ешқандай әсер етпейді, өйткені заңсыз материалдарды таратуға жауапкершілік қолданыстағы заңнамада қарастырылған, олар өзгеріссіз қалады.

"Екіншіден, 24 сағат ішінде заңсыз контентті жою талаптары туралы. Әкімшіліктері ешқандай жауапкершілікке тартылмайтындықтан жабық топтар мен қауымдастықтар жеке парақшаларында жеке тұлғалардың соңына түсу, қудалау, қорлау, жеке басқа тиісу фактілерін тоқтатпай отырғаны белгілі болды. Олармен байланыс орнатып, ақылға шақыру әрекеттері көп жағдайда нәтиже бермейді. Бұл жағдайды шешудің жалғыз әрі тиімді әдісі - әлеуметтік желілердің өздеріне жүгіну. Ақпаратты 24 сағаттан артық сақтау, сіз түсінгендей, мәліметтің өзектілігін жоғалтуына немесе зиянды салдарға әкелуі мүмкін. 24 сағат ішінде әлеуметтік желілердегі контентті жоюды/бұғаттауды талап ететін заңдар бірқатар дамыған елдерде бар. Мысалы, Германияда 2017 жылдан бастап "Әлеуметтік желілер пайдаланушыларының құқықтарын қорғау туралы" Заң қолданыста бар", - деп түсіндірді министр. 

Ведомство басшысы мониторинг пен статистикаға қатысы туралы да айта кетті.

"Бүгінде Қазақстан Республикасының аумағында кибербуллинг фактілерін айқындау және тіркеу тетігі заңнамалық тұрғыдан әлі реттелмегендіктен тікелей статистика жоқ. Алайда, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды бақылау шеңберінде министрлік тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарының, оның ішінде Интернет желісінің өнімдеріне мониторинг жасайды. Жалпы, 2021 жылы интернет-ресурстардың меншік иелері мен әкімшіліктерінің заң бұзушылықтарын жою туралы уәкілетті органның ұсынымдары бойынша шамамен 222 453 құқыққа қарсы материалдарды жою бойынша шаралар қабылданды. Бұдан басқа, 2021 жылы "Байланыс туралы" заңда көзделген тәртіппен уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағындағы пайдаланушылар үшін кибербуллингке қатысы бар 10 578-ден астам материалдың таралуын шектеді", - дейді министрлік басшысы. 

Асқар Умаров ұсынылып отырған жаңа нормалар аясында министрлікке әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің еркін қызметіне кедергі келтіретін және пікір білдіру бостандығын шектейтін құзырет берілмейтінін атап өтті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети