16 ақпан 2022 12:25

Судья Теміртау қалалық сотының төрағасын атышулы іс бойынша қысым көрсетті деп айыптады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:facebook.com/shayakhmetova.work Фото:facebook.com/shayakhmetova.work

Судья Айжан Шаяхметова Теміртау қалалық сотының төрағасын адам өліміне әкеп соққан апатқа қатысты атышулы істі жүргізуде қысым көрсетті деп айыптады. Ол Жоғарғы соттың қауіпсіздік қызметіне арыз жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Судья Айжан Шаяхметова Теміртау қалалық сотының төрағасын адам өліміне әкеп соққан апатқа қатысты атышулы істі жүргізуде қысым көрсетті деп айыптады. Ол Жоғарғы соттың қауіпсіздік қызметіне арыз жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Судья Айжан Шаяхметова бұған дейін адам қаза болған ЖКО-ға қатысты атышулы істі қараған. Іс бойынша айыпталушы - экс-депутат және Қарағанды ​​облысындағы танымал кәсіпкердің ұлы Даниил Боровиков. Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет" бойынша айып тағылған.

Жол апаты 2020 жылдың желтоқсанында болған. Сотталушы тізгіндеген Ford көлігі мен Kia көлігі соқтығысып, салдарынан 66 жастағы Kia көлігінің жүргізушісі мен оның 6 жасар немересі сол жерде қаза болған. Kia көлігінің тағы үш жолаушысы түрлі дене жарақатын алған.

Сот отырысы барысында сотталушының қорғаушылары судьяны орнынан алуды бірнеше рет талап еткен. Қаңтарда олар судья барлық өтінішті әдейі қабылдамағанын және тіпті сотталушының әкесіне "өзінің" адвокаттарын ұсынғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, олар судья біржақты екенін айтып, кейін іс басқа судьяға тапсырылған, ал Айжан Шаяхметоваға қатысты қызметтік тексеру басталған.

Айжан Шаяхметова Facebook-парақшасында Теміртау қалалық сотының төрағасы тарапынан көрсетілген қысым туралы жазды. Судья төрағамен сөйлескен аудиожазбалары бар екенін, ол оның қарауындағы іске араласып, сотталушының мүддесін қорғайтын нұсқау бергенін айтты.

"Мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қауіпсіздік қызметіне сот төрағасы Амрашев Талғат Балташұлының үсітнен арыз жаздым. Онда 2021 жылдың тамыз және қыркүйегінде сот төрағасымен жүргізген әңгімемнің жазбалары қосылған. Онда төраға маған Даниил Олегович Боровиковтың ісі бойынша қорғаушылардың бірқатар өтінішін қанағаттандыру жөнінде нақты тапсырмалар бергені көрсетілген" - деп жазды судья жазбасында.

Ол төрағаның талаптарын орындаудан бас тартқанын айтты. Бұл ретте Айжан Шаяхметова сотталушының әкесі екеуінің арасында кіші Боровиковтың адвокаттары туралы әңгіме болғанын мойындады. Бірақ олардың бәрі куәгерлер алдында болған және ол қызметтік мүддеден басқа ештеңені көздемеген.

Қарағанды ​​облыстық соты Айжан Шаяхметоваға қатысты жүргізіліп жатқан қызметтік тексеріске сілтеме жасап, оның жазбасына қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі Айжан Шаяхметованың арызы 15 ақпанда түскенін, ол бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети