02 қазан 2014 14:31

Сыныптасын өлтірген оқушы мектепте заңды түрде білім алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©medcentr-setmed.ru ©medcentr-setmed.ru

Сыныптасын өлтірген астаналық оқушының орта мектепте білім алуы заңды болған. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Сыныптасын өлтірген астаналық оқушының орта мектепте білім алуы заңды болған. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Орта мектепте білім алуға рұқсат беретін анықтамасы болған. Бүгінде, менің білуімше, талдау анықтаманың заңды түрде берілгенін көрсетіп отыр. Бірақ бұл - құқық қорғау органдарының мәселесі. Қазір олар тексерумен айналысып жатыр", - деді Сәрінжіпов журналистердің "сыныптасын ұрып өлтірген баланың жалпы білім беретін мектепке жіберілуі қаншалықты заңды" деген сұрағына.

Еске сала кетейік, сыныптасын өлтірген оқушы 2013-2014 оқу жылында үйден білім алған болатын, оның психикалық ауытқуы бар. Дәрігерлер жаңа оқу жылынан бастап, оның орта мектепте білімін жалғастыра алатынын айтып, анықтама берген.

Оның айтуынша, оқиғадан соң құрылған комиссия мектептегі тәрбие мен білім берудің қауіпсіздігі мәселелерін қарайтын болады. 

"Тәрбие жұмысында олқылықтар кетуі де мүмкін. Соған байланысты біз жұмысты бастадық, тәрбие ісінің тұжырымдамасын жасау үшін барлық жетекші орталықтарды тарттық, яғни мұғалімдер біліммен бірге дұрыс тәрбие беріп, құндылықтарға баулуы керек. Бұл комиссия мектептегі қауіпсіздік мәселелерін де қарайды, қандай инфрақұрылым бар, мамандар қандай, қандай жұмыс жасалады. Тұтас алғанда, келешекте мұндай оқиғаларға жол бермеуіміз үшін мектептердегі қауіпсіздік, тәрбие мәселесі жүйелі түрде қаралатын болады", - деді министр.

Еске сала кетейік, 16 қыркүйек күні Астанадағы №76 мектеп-лицейде сабақ үстінде 8-сыныптың екі оқушысы арасында жанжал шыққан болатын, сол кезде оқушылардың бірі қарсыласының кеудесінен беймәлім затпен ұрған. Екінші оқушы алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды. Мектеп директорының айтуынша, сол күні ешқандай төбелес болмаған, оқушылар жай ғана ұрысып қалды. Кейін сыныптасын өлтірген баланың психикалық ауытқуы бар екені белгілі болды.

Қазір Астана қалалық ішкі істер басқармасы тергеуалды тексеріс жүргізіп жатыр. Күдікті бала 14-ке, яғни қылмыстық жауапкершілік қарастырылатын жасқа толмаған.

Оқушы өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық және сот-криминалистік сараптамасы тағайындалды. Осы оқиғаға байланысты Астана қалалық білім басқармасы бастығының орынбасары мен мектеп директорына сөгіс жарияланды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети